Аймақтар • 03 Мамыр, 2022

Шымкент тұрғынынан 22 келі марихуана тәркіленді

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент тұрғынынан 22 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент тұрғынынан 22 келі марихуана тәркіленді

Шымкент полицейлері есірткіні заңсыз сақтады және сатты деген күдікпен қала тұрғынын «Алаш» базарында ұстады.

Жеке тінту кезінде күдіктіден аяқ киім қорабына салынған бір келі марихуана тәркіленді. Сондай-ақ, оның пәтерін тінту кезінде балконнан дозаларға бөлек-бөлек салынған екі полиэтилен пакеттегі марихуана табылды. Жатын бөлмеден сол есірткі заты бар екі жол сөмкесі алынды.

Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы шамамен 22 келіні құрады.

Ұсталған азамат Шымкент қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Аяна Тоғанбек