Қазақстан • 04 Мамыр, 2022

Ел болашағын халықтың өзі анықтайды

232 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа Қазақстан дегеніміз не?» деген сауалға «Жаңа Қазақстан – шын мәнінде, әділ Қазақстан!», деп нақты да нық жауап берді.

Ел болашағын халықтың өзі анықтайды

Дәл осындай қоғамды құру үшін оның барлық реформасы, ең алдымен, биліктің авто­кратия­сына, қоғамның бөлінуіне алып келген, әлеумет­тік әділетсіздік пен теңсіздікті ту­дырған және экономиканың тұ­рақты дамуына кедергі бол­ған бұрынғы саяси жүйені өзгертуге бағытталған.

Алайда мұндай түбегейлі реформаларды іске асыру үшін тек жоғарыдан енгізі­летін өзгерістер – суперпре­зиденттіктен арылу, Парла­ментті күшейту, атқарушы билікті демократияландыру ғана емес, ең бастысы, Президент атап өткен, азаматтық қоғамды да­мы­ту, азаматтар арасында мем­­лекетті басқаруға қаты­су бел­сенділігін арттыру маңыз­ды. Өйткені халықтың саналы қол­дауынсыз қоғамда демо­кра­тия­лық өзгерістердің болуы мүмкін емес!

Бірақ мәселе көп жыл бойы автократиялық жүйенің кар­тельдік партияларды мемл­е­кет­тік ресурстар есебінен жү­зеге асырылып келгендіктен, ха­лықтың билікке, әділ сайлауға және қарапайым адамдардың қан­дай да бір нәрсеге әсер ете алу мүмкіндігіне деген сені­мінің аздығында болып отыр. Тіпті елдің басты заңы – Конс­титу­ция­ға енгізілген өзгерістер көп жыл бойы қоғамда кең талқылаусыз қабылданды.

Президенттің ел Консти­ту­циясына түзетулер қабылдау бо­йынша бүкілхалықтық рефе­рен­­дум өткізу жөніндегі ұсы­нысы ел­дегі саяси өзгеріс­терді халық­тың өзімен шешу қа­жет­тілігімен ғана байланыс­ты емес. Бұл ұсыныс Жаңа Қазақ­­станда бұдан былай оның болашағын билік емес, аза­мат­тардың өздері анықтайтынын көрсетеді.

Мемлекет басшысы уақыт­тың өзгергенін, адал сайлау мен саяси бәсекелестік кезеңі басталғанын айқын көрсетіп отыр. Сондықтан біз өзіміз өзгеруге, билікке деген бұрынғы сенімсіздіктерден, барлығын бос сынаудан алыстауға тиіспіз. Сайлау және қоғамдық даму институттарына қатысу арқылы мемлекетті басқаруға қатысуымыз керек, яғни өз елінің нағыз азаматы болуымыз шарт.

 

Ақылбек КҮРІШБАЕВ,

Сенат депутаты