Қазақстан • 04 Мамыр, 2022

Жас жауынгерлер сап түзеді

515 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ел тыныштығын күзету – қастерлі міндет. Осы бір абыройлы іске жұмылған ҰҚК Шекара қызметінің сай тасындай жас сарбаздары Отан тыныштығын қорғауға салтанатты түрде ант берді.

Жас жауынгерлер сап түзеді

ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша де­пар­таментіне қарасты Қарасай ауданы, Ақжар шағын ауданында орналасқан кәсіби-техникалық және дайындық бөлімінде өткен рәсімге сар­баз­дардың туыстары қатысты. Бір ерекшелігі, жас жауынгерлер курсынан өтіп жатқан 400-ден астам сарбаз Ант берген шараны бүкіл республика жұртшылығы тікелей көрсетілім арқылы тамашалады.

– Мен өзімнің қарулас­та­рымды берген сертімізге адал болып, табандылықпен, ер­жүректікпен борышымызды өтеуге шақырамын. Ант қабылдау – баршамыз үшін маңызды күн. Елім дейтін ер болып, қайтпас-қайсар азамат атанып, тепсе темір үзетін әскери өмірдің қиындығы мен ауырт­па­лы­ғы­на шыдайтын, кез келген уақытта қолына қару алып, елін қорғауға да­йын, туған жерінің шека­расында жү­ретін сар­баз­дарға ай­на­ламыз, – дейді салтанатты шарада сарбаздар атынан тілек білдірген қатардағы жауынгер Нұрсұлтан Абылай.

Әр сарбаздың өмірінде алтын әріппен жазылып қа­лу­ға тиіс айтулы сәтте Ше­­кара басқармасының Жа­уын­­герлік Туы ортаға әке­лі­ніп, еліміздің Әнұраны шыр­­­қалды. Аталған басқар­ма­­ның басшысы подполковник Н.Бердібаев сапқа тұр­ған сарбаздарды атаулы мере­ке­сі­мен құттықтады.

Рәсімге бұдан бөлек, Ал­маты облысы бойынша депар­тамент бастығының орын­басары полковник А.Мұ­налбаев, «Застава тар­лан­дары» республикалық қо­­ғам­дық бірлестігі Ал­маты облыстық филиа­лының тө­ра­ғасы запастағы полковник Александр Дубов, Ауған со­ғы­сының ардагерлері, за­па­с­­­тағы полковниктер: Гри­горий Куликов, Жеңіс­бек Сүлейменов, Болат Құра­мы­сов, Наурызбай батыр ауданы Қорғаныс істері бойынша департаменті бастығының орынбасары запастағы ма­йор Ержан Алинов, сондай-ақ шекарашы ардагерлер мен Наурызбай ауданы әкім­ді­гі­нің өкілдері қатысты.