Атап айтқанда, Қырғызстан Республикасының азаматтарының басқаруындағы «Мерседес» және «Penault Premium» маркалы автокөлігі ұсталған.
«Аталған автокөліктерді тексеру барысында 25 920 бөтелке «Parlament» және «Antivirus» маркалы алкоголь өнімін Қазақстан аумағына заңсыз әкелу фактісі анықталды. Алкоголь өнімдерінің бұл партиясы «Big Bon» тез дайындалатын кеспе ретінде жасырын тасымалданған. Алдын ала қорытынды нәтижелері бойынша ұсталған алкоголь өнімі партиясының жалпы құны - 25 660 800 теңге», делінген хабарламада.
Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.