12 Сәуір, 2014

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы №105

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2012 жылғы 30 наурыз Астана қаласы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 227 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1- бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Инновациялық грант туралы үлгілік шарттың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 227 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5786 тіркелген, 2009 жылғы № 11 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында; «Юридическая газета» 2010 жылғы 10 наурыздағы № 35 (1831) санында; 2010 жылғы № 8 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында; «Заң газетінің» 2010 жылғы 10 наурыздағы № 35 (1657) санында жарияланды) күші жойылды деп танылсын. 2. Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаменті бір апталық мерзімде белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспасөз басылымдарына жіберсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі             Ә.ИСЕКЕШЕВ.