Ауа райы • 04 Мамыр, 2022

Алдағы үш күнде ауа температурасы төмендейді

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктер ауа райының 5-7 мамырға арналған болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнде ауа температурасы төмендейді

Болжамға сәйкес, елдің солтүстік аймақтарында, оңтүстік аймақтарға қарағанда әлі де күн салқын болады. Бұл, оңтүстік аймақтарға Өзбекстан аудандарынан келетін жылы ауа массалары мен солтүстік аймақтарға келетін суық ауа массаларына байланысты.

«Осылайша, солтүстік-батыс антициклоны әсерінен түнде ауа температурасы төмен болады. Екі ауа ағыны кездесіп, батыс өңірлерде жаңбыр (кей жерлерде нөсер), найзағай, бұршақ және екпінді жел болады деп күтіледі», делінген хабарламада.