Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,80 теңгеге төмендеп, 436,85 теңгеге тең болды. Айта кетейік, долларының 4 мамырдағы ресми бағамы - 441,64 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 440,18 теңге, ал сатылым - 443,59 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 437,88 теңгеден сатып алады, 441,09 теңгеден сатады.