Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның денесі «Айнабұлақ» ықшамауданында «Тойота» автокөлігінің ішінен табылды.
«Мәйіттен ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Марқұмның қасында болған 1989 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды. Олар жанжалдасқан болуы мүмкін», деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайын сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.