Аймақтар • 04 Мамыр, 2022

Алматы облысында алаяқтар азаймай тұр

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласында алаяқтық әрекеттері жиілеп, тұрғындардың алаңдаушылығын тудырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында алаяқтар азаймай тұр

Бұл жайында Криминалды полиция басқармасының аға жедел уәкілі Мақсат Нұрғалымов бүгін өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері Алматы облысы аумағында ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы, 2-тармағы, 4-тармақшасында көрсетілген алаяқтық дерегіне байланысты 307 қылмыстық іс қозғалған. Былтыр 440 қылмыстық іс тіркелген.