Қазақстан • 05 Мамыр, 2022

Референдум – халықпен санасу

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Референдум ең алғаш рет Швейцарияда өткен екен. Ал Қазақстанда 1995 жылы өткізілген. Референдум – мемлекеттік маңызы бар мәселені бүкілхалықтық дауысқа салатын демократияның бір көрінісі.

Референдум – халықпен санасу

2022 жылы елімізде Ата Заңға өзгерістер енгізу бо­йынша референдум өткізіл­мек. Барлығы 33 бапқа, яғни Ата Заңның үштен бірі­не өзгеріс енгізу көзделіп отыр. Референдум арқылы «Күшті Президент – ықпалды Пар­ламент – есеп беретін Үкі­мет» формуласынан тұратын мем­лекеттік басқарудың мо­делін қалыптастыру халық­тың тал­қы­сына ұсынылмақ.

Жаңа өзгерістер бойынша Үкіметтің Парламент алдын­дағы жауапкершілігі артады. Заң шығарушы орган Мәжіліс болмақ. Аудандық, қалалық мәслихаттар толығымен мажо­ри­­­тар­лық, облыстық маслихат­тар аралас жүйе бойынша сай­лан­­бақ. Бұл өз кезегінде мәсли­хаттар рөлінің күшеюіне алып келеді.

Енді саяси партия құрамын дейтін азаматтар үшін 5 мың азаматтың қолын жинау жет­кі­лікті. Партиялардың Пар­ла­ментке өту шегі 7-ден 5 па­йызға дейін түсірілді. Облыс, қала, аудан әкімдері мен олардың орынбасарлары сая­си партия филиалдарының төрағасы болмайды. Бұл өзгерістер барлық партияларға тең мүмкіндіктер береді.

Осы секілді еліміздің бола­шақ даму барысын айқын­дай­тын Ата Заңның 33 бабына өзге­рістер енгізіледі. Әрбір аза­­матқа тікелей қатысы бар мұн­­дай мемлекеттік маңызды іс­тер­ді референдум арқылы ха­лық­тың пікірімен санаса оты­рып жүргізу оң бастама деп санаймын.

 

Бауыржан СЕРІКБАЕВ,

саясаттанушы