Спорт • 05 Мамыр, 2022

Қазыбек Нөгербек – абсолютті чемпион!

820 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грекияның Родос аралында шахматтың рапид және блиц түрлерінен ұйымдастырылған 2022 жылғы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Осыдан бірер күн бұрын 18 жасқа дейінгі жастар арасындағы рапидтен әлем чемпионы атанған ФИДЕ шебері Қазыбек Нөгербек тағы да жаһандық додада үздік шықты. Отандасымыз бұл жолы блиц шахмат түрінен қарсыластарынан оза шауып, әлемнің теңдессіз шахматшысы деген атаққа ие болды.

Қазыбек Нөгербек – абсолютті чемпион!

Қазыбек Нөгербектің бөлек, әлем чемпионатында 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы жарыс­та сынға түскен 17 жастағы отан­дасымыз, әйелдер арасындағы халықаралық шебер Назерке Нұр­ғали да топ жарды. Ал 14 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы рапид жарысында қола жүлдегер атанған Даниял Сәпенов блиц сайысында күміс жүлдеге қол жеткізді.

«Бүгін қазақстандық шахматшылар үшін айтулы күн. Гре­кия­дағы әлем чемпионатында спорт­шы­ларымыз ел қоржынына үш алтын, бір күміс және бір қола медаль салды. Қазақстан шахмат федерациясының атынан шахматшыларымызды және олардың жаттықтырушыларын, ата-аналарын тамаша жетістіктерімен құт­тықтаймыз», деді Қазақстан шах­мат федерациясының атқару­шы директоры Әнуар Есмағам­бетов.