Дзюдошы Еркебұлан Қанафин жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. 81 келіге дейінгі салмақтағы финалда қазақстандық спортшы Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин Сокты жеңді. Шешуші жекпе-жек алдында Еркебұлан Қанафин франциялық Рафаэль Кубеликтен басым түсті.
Сонымен Қазақстанның қоржынында бүгінде 1 алтын, 2 күміс және 4 қола – барлығы 7 медаль бар.