Полиция қызметкерлері олардың Никарагуа, Сальвадор, Куба, Эквадор, Гватемала мен Гондурастан келгенін хабарлайды.
Арасында 18 адам әлі кәмелет жасқа толмаған. Кейбіреулері дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Тәртіп сақшылары кірмелердің құжаттары анықталмайынша қамауда отыратынын хабарлайды.
«Жүргізуші көлікке арналған қосалқы бөлшектерді іздеп табу үшін темір тұлпарын тастап кеткен болар. Сыртта жүрген тұрғындар қамалып қалғандардың қатты айғайынан естіп қалған. Күн болса ысып тұр. Адамдар дер кезінде табылмаса, ағзаның сусыздануынан біразы көз жұмар еді», дейді Қызыл крес ұйымының қызметкері Хорхе Гарсиа.