Ауыр атлетика • 06 Мамыр, 2022

Әлем чемпионаты: Бүгін екі қазақстандық бақ сынайды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грекияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында бүгін екі қазақстандық спортшы жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионаты: Бүгін екі қазақстандық бақ сынайды

Бүгін, 6 мамырда 73 келіде А тобында Денис Полубояринов пен Егор Шерер жарыс жолына шығады.

Еске сала кетейік, ел құрамасынан Алексей Чуркин (73 келі) күміс жүлдегер атанды. Аталған салмақта тағы бір қазақстандық ауыр атлет Петр Хребтов бесінші орын алды.

Сондай-ақ, құрама сапында Екатерина Алякина (55 келі), Айсамал Сансызбаева (87 келі), Клим Басаргин (89 келі) және Сұлтан Мейрам (96 келі) сайысқа түседі.

Әлем чемпионаты 2-10 мамыр аралығында Грекияның Ираклион қаласында өтуде. Онда ел құрамасынан сегіз спортшы бақ сынауда.

Дүбірлі дода 1975 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.



Соңғы жаңалықтар

Табиғат сынағына тосқауыл

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Келелі кеңес келешегі

Пікір • Бүгін, 08:58

Сот төрелігіне сенім артып келеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55

Астықтан – азыққа дейін...

Өндіріс • Бүгін, 08:40

Алғыс арқалаған әкім

Қоғам • Бүгін, 08:38

Интернатта оқып жүр...

Білім • Бүгін, 08:28

Жамбыл бабадан бата алған

Зерде • Бүгін, 08:25