Аймақтар • 06 Мамыр, 2022

Таразда қару-жарақ арсеналы табылды

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таразда қаңтар айында орын алған тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қару-жарақтың арсеналы табылды. Полиция қызметкерлері автоматтар, тапаншалар, гранаталар, патрондар, оқ-дәрілер, дулыға, тізе төсегіштер мен газтұтқыштарды тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда қару-жарақ арсеналы табылды

«Тараз орталығының аумағында 20 бірлік қару, үш гранат, патрон, сауыт-сайман, дулыға, тізе төсегіштер мен газтұтқыштар табылып, тәркіленді.

Қарудың ішінде үш Калашников автоматы, екі Макаров тапаншасы, «Сайга» маркалы мылтық, тегіс ұңғылы мылтық, револьвер, травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы мылтықтың жиектері, бұрыш, газ және жарық-шу гранаталары, 363 түрлі калибрлі патрондар болды. Тәркіленген заттарға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», делінген Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомство қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салды.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20