Аймақтар • 06 Мамыр, 2022

Әкімдік ғимаратынан ер адам құлап кетті

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 мамыр күні шамамен сағат 16.40-та Астана көшесі, 52 мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратта ЖШС-ның бірінде 22 жастағы кондиционер орнатушысы жұмыс барысында терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әкімдік ғимаратынан ер адам құлап кетті

«Жұмыс барысында терезеден құлаған ер адам дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды», делінген хабарламада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1999 жылы туған азамат жедел жәрдеммен Ақсу орталық ауруханасына жеткізілген.

«Бассүйек-ми жарақатының жабық жарақаты, мидың шайқалуы анықталды, маңдай аймағы мен мұрны, оң қолы сыдырылған. Оң жақта 1,11,12-қабырғасының жабық сынуы, өкпе жарақаты, екі жақты жамбас сүйектерінің сынуы, іштің өткір жарақаты және басқа да бірнеше жарақат тіркелген. Сондай-ақ бірінші дәрежелі травматикалық шок алған», деп жазылған хабарламада.

Жағдайының ауырлығына байланысты анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылған.