Елорда • 06 Мамыр, 2022

Елордада оқушылар арасында «Ashyq jol» квесті өтті

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Абайлаңыз – Балалар!» Республикалық акциясы шеңберінде «Астана жастары» ЖРО қалалық жастар саясаты басқармасымен бірлесіп Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қолдауымен елордалық мектептердің 4-8 сынып оқушыларына «Ashyq Jol» квестін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

 

Елордада оқушылар арасында «Ashyq jol» квесті өтті

Квест кезінде қатысушыларға жолды кесіп өту кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы айтылды, сондай-ақ ПД қызметкерлері профилактикалық әңгімелер өткізді.

«Біз, «Астана жастары» ЖРО еріктілері 4-8 сынып оқушылары арасында жол қозғалысы ережелері бойынша квест өткіздік. Квест кезінде орта мектеп оқушылары жол қозғалысы ережелерін оқыды. Олармен полиция қызметкерлері де әңгіме жүргізді. Барлық қатысушылар сертификаттар мен ынталандыру сыйлықтарына ие болды», деді «Астана жастары» ЖРО еріктісі Шерханали Айтжанов.

 

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Кеше

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • 10 Мамыр, 2025

Ұлы дала жорығы басталды

Спорт • 10 Мамыр, 2025