Елорда • 06 Мамыр, 2022

Елордалық ҚХА «Қамқор» қайырымдылық акциясын бастады

355 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордалық Ассамблея этномәдени бірлестіктердің кәсіпкерлерімен бірлесіп, «Қамқор» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Бұл туралы Egemen.kz ҚХА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елордалық ҚХА «Қамқор» қайырымдылық акциясын бастады

Елордалық Ассамблея жұмысының маңызды бағыттарының бірі қайырымдылықты дамыту болып саналады.

Этномәдени бірлестіктердің мүшелері дәстүрлі түрде барлық қайырымдылық акцияларына қатысады, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, жалғыз басты адамдарға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне тұрақты көмек көрсетеді.
Аталған акция Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына және Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орайластырылған.

Акцияны ұйымдастырушылардың бірі, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Башир Солсанов әріптестерінің қашанда қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

«Біз сіздерден достықты, патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті үйренеміз, батылдықтарыңызға бас иеміз. Сіздердің ерліктеріңізді қашанда мақтан тұтамыз!» - деді Башир Уматгереевич.

Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерін қолдауға бағытталған акция барысында 60 отбасыға азық-түлік себеті тапсырылды.
Өз кезегінде көмек алған отбасылар осы акцияның ұйымдастырушылары мен демеушілеріне алғыстарын білдіріп, оларға денсаулық, амандық және істеріне табыс тіледі.

Қайырымдылық пен мейірімділік, өзара құрмет – Қазақстан халқы Ассамблеясының басты ұстанымы. Достық үйіндегі «Парасат» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы этномәдени бірлестіктердің кәсіпкерлерімен бірлесе отырып, мұқтаж жандарға қажетті көмек көрсету бағытында тұрақты жұмыс істеуде.

Айта кетейік, 2021 жылы «Қайырымды істер марафоны», «30 қайырымды іс» акциялары аясында 55 қайырымдылық акциясы өткізілді, 5800 адам жалпы сомасы 36 млн теңгеге көмек алды.

Биыл жыл басынан бері 11 қайырымдылық акциясы өткізіліп, 3000 отбасыға жалпы сомасы 11 млн 200 мың теңгеге көмек көрсетілді.
Айта кетейік, бұған дейін елордалық Ассамблея еріктілері «Жылы жүрек, ізгі тілектер!» елордалық ҚХА мүшелері емделуге мұқтаж балалардың еміне қаржылай көмек көрсетті.