Коронавирус • 06 Мамыр, 2022

Референдумға дайындық кезіндегі карантин талаптары туралы қаулы шықты

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Бас санитар дәрігерінің референдумға дайындық туралы қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдумға дайындық кезіндегі карантин талаптары туралы қаулы шықты

Құжат шілдеде өтетін республикалық референдум алдында үгіт жүргізу кезінде COVID-19 инфекциясы таралуының алдын алу талаптарын нұсқайды. Ол талаптар мынадай:

- үгіт іс-шараларын халықтың көп жиналуын болдырмайтын алаңы бар үй-жайларда өткізу;

- адамдардың көп жиналуына жол бермей, үгіт іс-шараларына қатысушылардың ағынын реттеу;

- үй-жайларда желдеткіш/ауа баптау жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда үй-жайды жүйелі желдету;

- үй-жайларды, жұмыс үстелдері мен адам жанасатын орындардың бәрін жуғыш сұйықтықтарды, дезинфекцциялық қоспаларды қолдана отырып сүртіп, тазарту.

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық референдум комиссиялары осы қаулыны жұмыста пайдалануды қамтамасыз етсін», деп жазылған қаулы мәтінінде.