Аймақтар • 06 Мамыр, 2022

Алматының жаңа көшелеріне атау беріледі

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Алматы әкімдігінің ресми сайты мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматының жаңа көшелеріне атау беріледі

«Алатау, Бостандық және Медеу аудандарындағы көшелерге көрнекті мәдениет және ғылым қайраткерлерінің есімдері берілді. Бүгін қалалық мәслихат депутаттары олардың аттарын бекітті.

Олардың арасында қазақ Олимпиада ойындарының алғашқы чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, композитор Қаршыға Ахмедиярұлы, академик және композитор Ғазиза Ахметқызы, Қазақ КСР Халық әртісі Роза Үмбетқызы, ақын және публицист Мәшһүр Жүсіп, этнолог және шығыстанушы Лев Гумилев және басқа да көрнекті қайраткерлер бар», делінген хабарламада.

Сондай-ақ көшелердің бірінің атауы Түркияның бұрынғы премьер-министрі, саясаткер Аднан Мендереске берілді. Ол ХХ ғасырдың ортасында Түркияға қоныс аударған отандастарымызға көмек көрсетті.

«Көшелер «Нұркент», «Ерменсай», «Нұр Алатау», «Нұрлытау» және «Алатау» шағын аудандарында орналасқан», деді ведомство өкілдері.