Аймақтар • 08 Мамыр, 2022

Маңғыстауда биылдыққа алғаш рет үшем дүниеге келді

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында үшем дүние есігін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Маңғыстауда биылдыққа алғаш рет үшем дүниеге келді

Бұл - биыл туған алғашқы үшем. Екі қыз бен бір ұлдың салмағы - 1 келі 520г, 2 келі 160 г және 2 келі 250 г.

- 27 сәуір күні 2 қыз, 1 ұлды дүниеге әкелдім. Бүгінде сәбилерімнің жағдайы жақсы. Салмақ қосып келе жатыр. Осы сәтті пайдаланып Ана мен бала орталығының директоры Жапырақ Кеңесханқызы, Мария Бекбергенқызы, Баян Өтеуліұлы, Гүлбану Оразбайқызына алғысымды жеткізгім келеді. Сонымен қатар, балалар дәрігері Гүлзада Смағұлқызына рахмет айтамын,-дейді үшемнің анасы Арайгүл Ерғалиева.

Сәбилер ақ халаттылардың тұрақты бақылауында.

Алдағы уақытта үшемдер үйіне шығарылады.

Айта кетейік, жыл басынан бері Ана мен бала перинаталдық орталығында 2089 нәресте өмірге келген.

Оның ​58-і - егіздер, біреуі - үшем.