Пікір • 09 Мамыр, 2022

Таңдау жасар сәт туды

201 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент референдумның уақытын белгіледі. Меніңше, біздің қоғам референдум өткізуге дайын. Таңдау жасар сәттің туғанын алдағы оң өзгерістердің басталғаны деп білемін.

Таңдау жасар сәт туды

Қоғам дайын дейтінім, референдум өткізу туралы бас­таманың өзі бұқараның өз іші­нен шығып отыр. Президент халықтың үніне құлақ асып, тиісті қадамды жасады. Ре­фе­рендум – демократиялық қоғам­ның бір белгісі, көрінісі. Демек қоғамның мұндай өз­геріс­терге қарай аяқ басуы жақ­­сылықтың нышаны.

Референдумға дейін бір ай уақыт бар. Осы аралықты тиім­­ді пай­далану керек. Яғни бұ­қа­раны мейлінше ха­бар­ландырып, Конституция­ға ен­гі­зілетін өз­герістерді наси­­хат­тап, түсін­діру қажет. Ал­дағы бір ай еліміз үшін маңыз­ды. Өйт­к­ені алдағы өзгеріс­терге қатыс­ты жер-жерде са­рап­шы­лардың қа­ты­суымен тал­қы­лаулар өтеді. Осы­ның негі­зінде Конституцияға енгізі­летін өзгерістер екшеледі. Жас та, жасамыс та мұндай талқы­лаулардан қалыс қалмауы керек. Себебі елдің болашағына үркердей ғана топ емес, сіз бен біз де, бәріміз жауаптымыз.

Ұсынылып отырған өзгеріс­тердің барлығы дерлік орынды. Мәселен, Мәжілістің, мәс­ли­хаттардың күшеюі, депу­тат­тардың мажоритарлық жүйе­мен сайлануы партияда жоқ белсенділердің атқа мінуіне таптырмас мүмкіндік. Сол секілді ауыл, аудан әкімдерін сайлау да басқаша сипат алмақ. Ауыл әкімдерін сайлау жемісті қадам болғанын дәлелдеді. Ендігі кезек аудан әкімдеріне келіп отыр. Алдағы бір-екі жылда аудан әкімдерін таңдау да сайлаушылардың құзыретіне берілмек. Одан кейін облыс әкімдерін сайлау басталады. Мұның бәрі азаматтық қоғамды алға бастыратын, демократияны жаңа деңгейге көтеретін оң өзгерістер. Оның нәтижесін бірден байқамауымыз мүмкін. Бірақ қоғам оның игілігін біртіндеп сезе бастайды.

Мәжіліс депутаттарының 30 пайызы да мажоритарлық жүйемен сайланатын болды. Бұл партиялар арасындағы бәсе­келестікті арттырады. Бәсе­келестік болған жерде сапа да, нәтиже де болады. Ең бастысы, қоғам белсенділері өзін-өзі ұсы­нып, ойға алған идеяларын жү­зе­ге асыруға мүмкіндік алады.

 

Бауыржан СЕРІКБАЕВ,

саясаттанушы