Қоғам • 09 Мамыр, 2022

Музей қорына тарихи құжаттар тапсырылды

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отан қорғаушы күні Қарулы Күштердің Мем­ле­кет­тік әскери-тарихи музейінде Екінші дүние­жүзі­лік соғыс жылдарындағы мұрағат құжаттарын сал­танатты түрде музей қорына тапсыру рәсімі өтті.

Музей қорына тарихи құжаттар тапсырылды

Документалист, сарапшы Ақ­марал Баталова оларды Ре­сей Фе­дерациясы Қорғаныс ми­нистр­лігінің Орталық мұраға­тынан алды.

Аталған бірегей материалдар 1945 жылы 30 сәуірде Рейх­стагқа Жауынгерлік ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев пен Гри­горий Булатовтың ерлігінің айғағы.

Іс-шараға Қазақстан тара­пы­нан Қазақстан Қарулы Күштері Бас штаб бастығының орынбасары – Тәрбие және идео­логиялық жұ­мыстар де­партаментінің бас­тығы, генерал-майор Серік Борам­баев қа­тысты. Ресей Феде­рация­сы­­ның атынан Қазақстан Рес­пуб­­ликасындағы Төтенше және өкілетті елші Алексей Бо­ро­давкин болды.

– Бұл оқиға тәуелсіз Қазақ­станның Қарулы Күштері үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңыз­ды. Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың ерлігі – жалпыға мәлім факт. Дегенмен енді әскери музейде олардың батыр­лығы мен қайсарлығын айғақтайтын құжат сақтала­ды, – деді генерал-майор Серік Борамбаев.

Қатысушылар осындай іс-шара Ұлы Отан соғы­сы­ның ба­тыр­ларын мәңгі жадымызда сақ­тау үшін ма­ңызды оқиға және өскелең ұрпақты әскери-пат­риоттық тәрбиелеудегі алар орны ерекше екенін атап өтті.