Бокс • 09 Мамыр, 2022

Бүгін бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталады

656 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 9 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты жалауын көтереді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталады

Дүбірлі додада еліміздің атынан 12 боксшы қатысады.

Алғашқы жекпе-жек 9 мамырда өткізіліп, финалдық сайыстар 19-20 мамыр күндеріне белгіленген.

Ел құрамасы сапында Назым Қызайбай (50 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі), Валентина Хальзова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.

Қазақстандық боксшылар алғашқы жекпе-жегінде Канада, Колумбия, Пуэрто-Рико, Испания, Финляндия, Алжир, Өзбекстан, Кения, Түркия және Украина боксшыларымен кездеседі.

Аяна Тоғанбек