Артық салмақ ашқарақтықтан ғана емес, денсаулықтағы түрлі кінәратқа байланысты пайда болатыны белгілі. Семіздікті дер кезінде тоқтатпаса, ауыр дерттерге душар ететіні аян. Сондықтан Алматыдағы №7 ауруханада семіздікке шалдыққан 4 пациенттің асқазанына медициналық сақтандыру шеңберінде операция жасалды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгелі бері қазақстандықтар семіздіктен арылтатын қымбат операцияларды жасатуға мүмкіндік ала бастағаны қуантады.

Бұл жолы Қалқаман шағын ауданындағы №7 аурухана дәрігерлері 26-27 сәуір күндері семіздіктен қиналып жүрген 4 пациентке лапароскопиялық бариатрия жасады. Олардың бірі – 40 жастағы әйел. Жылдар бойы семіздікпен алысу нәтиже бермеген соң операция жасатуға бел буған. Артық майдың салдарынан салмағы 103 килоға жеткен әйел сәтті жасалған операциядан кейін бірден №2 хирургия бөлімшесіне ауыстырылды. Қазір пациенттің жағдайы бір қалыпты, өз бетінше жүріп-тұра алады.
«Лапароскопиялық бариатрия – артық салмақты реттеп, семіздік салдарынан болатын артериалды гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы сынды ілеспе дерттерді емдеуге мүмкіндік беретін заманауи әдіс. Операцияның бұл түрі біздің клиникада 2019 жылдан бері жасалып келеді. Бірлескен операцияны аурухананың хирургия бөлімі меңгерушісі Мұса Сахиповпен бірге белгілі хирург Орал Оспанов жасап жүр», дейді №7 аурухананың өкілдері.
Дәрігер Мұса Сахиповтің айтуынша, операция адамның жасына, қосымша аурулары мен зат алмасу процесіндегі ерекшеліктерге қарай жасалады. Манипуляциядан кейін пациент шамамен 15-тен 80 килоға дейін салмақ тастайды.
Мамандар дерегіне сүйенсек, қазіргі таңда операциядан кейін жалғанған ішектердің жүрмеуі, анастомозда жара пайда болуы сынды асқынулар саны азайған. Сонымен қатар операция ұзақтығы, ауруханада жату мерзімі де қысқарған. Заманауи қондырғылар пациенттің тез арада аяққа тұруына мүмкіндік береді.
Көрсетілімдерге байланысты және жоспарлы түрде жасалатын операцияның құны – шамамен 600 мың теңге. Жоғары технологиялы операция ақысы МӘМС пакеті арқылы төленеді, бірақ пациент операцияға қажетті бір реттік материалдарды өзі сатып алады.
Мамандар артық салмақ атеросклероз, гипертония, инфаркт, инсульт, қант диабеті, асқазан-ішек ақауы, артрит, репродуктивтік жүйе қызметінің бұзылуы сынды ауруларға әкеп соқтыратынын қаперге салады. Хирургиялық операция жасау туралы шешім дәрі-дәрмекпен емдеу нәтиже бермеген күрделі жағдайларда ғана қабылданады.
Қазіргі таңда өмір сүру салты мен ішкен-жегенге байланысты семіздік әлемдік деңгейдегі мәселенің бірі. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының дерегінше, халқымыздың 20%-дан астамы семіздікке шалдыққан.
АЛМАТЫ
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар