Аймақтар • 09 Мамыр, 2022

Инженерлік нысандарды түгендейді

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қала құрылысы ка­дас­тры­ның цифрлық базасын қалып­тастыру шеңберінде өңірлерде инже­нерлік коммуникацияларды и­нвен­таризациялау жұмыстары жал­ғасуда.

Инженерлік нысандарды түгендейді

Мәселен, биыл республикалық бюджет қаражаты есебінен Ақтөбе, Қарағанды, Өскемен, Лисаков, Арыс қалаларының құрылыс салынған аумағының 9,3 мың гектарына инженерлік коммуникацияларды түгендеу жүргізілуде. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен елді мекендерде 8,8 мың га инженерлік желілерге инвентаризация жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетерлігі, жер асты және жер үсті инженерлік коммуникацияларын түгендеу арқылы өңірлерде елді мекендердің цифрлық кадастрлық жоспарлары құрылған. 2018 жылдан бастап Шымкент қаласының және ауданы 78,3 мың га 10 облыс орталығының құрылыс салынған аумақтарында жерасты және жерүсті коммуникациялары инвентаризацияланды. Көкшетау, Петропавл, Тараз қалаларында инфрақұрылымдық объектілерді түгендеу жұмыстары толығымен аяқталған.

Қазіргі уақытта қала құрылысы кадастры­ның ақпараттық жүйесі инженерлік комму­никациялардың цифрлық деректерінің 63,7%-ын, бас жоспардың 93,6%-ын және рес­публикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың егжей-тегжей жос­парларының 95,6%-ын қамтиды.