Әуелде Лукас пен Қызайбай Әлем чемпионаты – 2022-де бір салмақ санатында (50 келіге дейін) өнер көрсетеді деп жоспарланған еді. Турнирде қос қазақстандық боксшының бір-бірімен жекпе-жекке шығу ықтималдығы болды. Бірақ салмақ өлшеу нәтижесімен спортшыларымыз әртүрлі салмақ санатына түсті: Назым Қызайбай – 50 келі, Ангелина Лукас 52 келі.
Айта кетейік, даулы мәселе бойынша бұған дейін Қазақстан құрамасынан кеткен Ангелина Лукас Ыстанбұлдағы Әлем чемпионатында IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) атынан шығып, Fair Chance Team командасының намысын қорғайтын болады.
Аяна Тоғанбек