Қазақстанда коронавирустың таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сәйкес, 8 мамырға дейін «Pfizer» препаратының І дозасын – 1 097 219, ІІ дозасын 955 253 адам салдырды.
Оның ішінде: І компонентімен 834 457 жасөспірімдер, 38 764 жүкті әйелдер, 137 790 бала емізетін әйелдер егілді.
ІІ компонентімен 768 683 жасөспірімдер, 34 060 жүкті әйелдер, 123 877 бала емізетін әйелдер екпе алды.
Айта кетейік, жалпы елімізде коронавирус індетіне қарсы толық вакциналанғандар саны – 9 255 431 адам. Бірінші дозаны 9 489 854 адам алды.
Аяна Тоғанбек