Аймақтар • 09 Мамыр, 2022

Қостанай жағалауынан өрт шықты

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда жағаладауғы қамыс өртеніп, қызыл жалын үйлерге өткен. Оқыс оқиға бүгін сағат бес жарымда тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Қостанай жағалауынан өрт шықты

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қызыл жалын 500 шаршы метр жерге тараған. Өрт сөндіру жұмыстары әлі жүріп жатыр. Бірақ қатты жел мен қою түтін құтқарушыларға кедергі келтірді. Жағалау маңындағы жер үйлерден 20 адам эвакуацияланды, арасында 5 бала бар.

  Аяна Тоғанбек