Ауа райы • 10 Мамыр, 2022

Еліміздің кейбір өңірлерінде құрғақшылық күтіледі

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан аумағының басым бөлігінде мамыр бойы ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Еліміздің кейбір өңірлерінде құрғақшылық күтіледі

Синоптиктердің болжамы бойынша Ақмола облысы Степногорск қаласының маңында; Солтүстік Қазақстан облысы, М. Жұмабаев атындағы ауданда; Қызылорда облысы, Арал ауданында; Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарында орташа құрғақшылық күтіледі.

Ал қатты құрғақшылық мына өңірлерде болады: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында; Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында.

Қалған жерлерде, атап өтсек, негізінен Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының Созақ ауданында. Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ. Мүсірепов атындағы, сондай-ақ Тимирязев және Тайынша аудандарында;

Ақтөбе облысы — Ырғыз және Ойыл аудандарында; Алматы облысы — Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында; Шығыс Қазақстан облысы — Шемонаиха және Үржар аудандарында құрғақшылық болады.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар