2014 жылғы 10 ақпан Астана, Үкімет Үйі Көрсетілетін заң көмегі сапасының критерийлерін бекіту туралы «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған көрсетілетін заң көмегі сапасының критерийлері бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 72 қаулысымен бекітілген Көрсетілетін заң көмегі сапасының критерийлері 1. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі: 1) құқықтық ақпарат беру; 2) құқықтық консультация беру; 3) «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түрінде көрсетіледі. 2. Мыналар құқықтық ақпарат беру түрінде көрсетілетін заң көмегі сапасының критерийлері болып табылады: 1) заңмен берілген өкілеттіктер шегінде құқықтық ақпарат беруді жүзеге асыру; 2) халыққа объективті және жан-жақты ақпараттың берілуін қамтамасыз ету; 3) құқықтық ақпарат беру түрінде заң көмегін көрсететін субъектілердің әрекетіне (әрекетсіздігіне) негізделген шағымдардың болмауы. 3. Мыналар құқықтық консультация беру түрінде көрсетілетін заң көмегі сапасының критерийлері болып табылады: 1) жеке тұлғалардың өтініштеріне мемлекеттік тілде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, өтініш берілген тілде уәжделген жауап бере отырып, олардың объективті, жан-жақты қаралуын қамтамасыз ету; 2) жеке тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде мерзімдерін сақтау; 3) өтініш берушілердің өтініштері құзыретіне сәйкес басқа субъектілерге немесе лауазымды адамдарға жіберілгені туралы оларды уақтылы хабардар ету; 4) құқықтық консультация түрінде заң көмегін көрсететін субъектілердің әрекетіне (әрекетсіздігіне) негізделген шағымдардың болмауы. 4. Мыналар соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түрінде көрсетілетін заң көмегі сапасының критерийлері болып табылады: 1) кәсіптік міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау; 2) кәсіптік міндеттерді орындау кезінде Адвокаттардың кәсіптік этикасы кодексінің нормаларын сақтау; 3) қылмыстық қудалау органдарының лауазымды адамдарының заң көмегін көрсететін субъектілердің әрекетіне (әрекетсіздігіне) негізделген шағымдарының болмауы; 4) заң көмегін көрсететін субъектілердің әрекетіне (әрекетсіздігіне) соттардың заңды күшіне енген жеке қаулыларының, ұйғарымдарының болмауы; 5) заң көмегін көрсететін субьектілердің әрекетіне (әрекетсіздігіне) негізделген шағымдардың болмауы. 5. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін субъектілердің қызметін үйлестіруді, сондай-ақ көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қарағанды облысында алты жасар бала мұзға батып кетті
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:22
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Бүгін, 15:45
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 15:20
Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт құбылуы мүмкін
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Бүгін, 14:10
Шымкентте екі қабатты мейрамхана өртке оранды
Шымкент • Бүгін, 13:33