Биыл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылғанына 6 жыл толды. Корпорацияның басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдиннің айтуынша, 5 жылда қазақстандықтарға 167 млн-нан аса қызмет көрсетілді.

Коллажды жасаған Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»
«Азаматтарға арналған үкімет» – Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді көрсетуші бірыңғай провайдер саналады. Корпорация төрт түрлі мекеменің қосылуы нәтижесінде құрылғанын айта кеткен орынды.
«Корпорация халыққа қызмет көрсету орталықтарына жауапты мекеме ретінде танымал. Алайда одан бөлек жер кадастры, жылжымайтын мүлік, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыны есептеу, заңды тұлғаларды тіркеу сынды бағытта да жұмыс істейтінімізді еске сала кеткен жөн. Корпорация мемлекеттік реестрдегі 664 қызмет түрін көрсетеді. 5 жыл аралығында еліміздің азаматтарына 167 млн-нан аса қызмет көрсетілді», деді ұйым басшысы.
Бұл квазимемлекеттік компанияда 22 мың маман қызмет ететінін ескерсек, өңірлер мен Алматы, Шымкент, сондай-ақ астанада барлығы 19 филиал жұмыс істейді. Бұған қоса ауыл-аймақты қамтитын 328 халыққа қызмет көрсету орталығы, жылжымайтын мүлік пен жер кадастры, әлеуметтік төлемдерге байланысты барлығы 442 бэк-офис ашылып, жұмысы жолға қойылған. Сол секілді ауылды елді мекендерге 68 мобильді ХҚО қызмет көрсетеді. Бүгінде күн тәртібінде бірқатар қызметті автоматтандырып, цифрлы форматқа ауыстыру көзделіп отыр.
Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистер желісіне байланысты таяу болашаққа арналған негізгі жоспары – өзіне өзі қызмет көрсетуге бағдарланған ХҚО-ын қағазсыз қызмет көрсетуге ауыстыру.
«Бүгінде азаматтардың 80%-ы ХҚО-на тек 10 мемлекеттік қызмет алу үшін жүгінеді, оның 5-і Ішкі істер министрлігінің бағытымен тікелей байланысты. Оны автоматтандырып, онлайн қызметтерді арттыру керек. Тұтастай айтсақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінетін халықтың саны азайып барады. Айталық биылғы бірінші тоқсанның қорытындысына сәйкес былтырғы кезеңімен салыстырғанда қызмет алушылардың саны 10%-ға қысқарды», деді С.Әбділдин.
Цифрландыру құжат рәсімдеуді жеңілдетеді
Қазір халыққа қызмет көрсету саласында құжат рәсімдеу ісі ұзын-сонар кезек қалыптастыратын шаруаға айналып кеткені жасырын емес. Енді күрмеулі мәселені цифрландыру арқылы шешу қарастырылып отыр.
«Былтыр 2,5 млн-ға жуық азамат ХҚО арқылы төлқұжат пен жеке куәліктер алған. Бұл қызмет ішінара автоматтандырылып, оны тек көші-қон полициясының екі қызметкері ғана көрсетіп келеді. Сонымен қатар қызмет алушылар құжаттағы фотосуреттің сапасына көңілі толмай жиі шағымданады. Сондықтан қызмет көрсету орындарында құжаттау терминалдарын орнатуды ұсындық. Құжаттау терминалдары биометриялы жүйе мен түсінікті интерфейспен жабдықталған. Бүгінде мұндай терминалдарды қанатқақты режімде іске қосуға байланысты ІІМ-мен бірлескен бұйрыққа қол қою мәселесі шешіліп жатыр», деді корпорацияның төрағасы.
Былтыр Kaspi.kz және Halyk Bank мобильді қосымшаларында көлікті қайта тіркеу қызметі іске қосылғанын айта кеткен абзал. Бұл арқылы көлікті тіркеу уақыты 15-25 минутқа дейін қысқарды. Биылғы бірінші тоқсанда қосымшалар арқылы онлайн қайта рәсімдеулердің үлесі 37%-ға жетті. Мәселен, азаматтар мобильді қосымшалардың көмегімен көлікті қайта тіркеу қызметін 244 мың рет, сол секілді eGov.kz порталы арқылы 10 мың рет пайдаланған.
Бұдан басқа жүргізуші куәлігін алуға байланысты сыбайлас жемқорлық деректерін азайту бойынша да бірқатар жұмыс қолға алынды. Ұйым басшысы айтқандай, барлық мамандандырылған ХҚО жаңғыртылып, теориялық емтихан тапсыру кезінде арнайы биометриялы жүйе енгізілді.
«Осы тетік енгізілгелі бері Қазақстанда жүргізуші куәлігін алғандар саны орта есеппен 58%-ға төмендеді. Былтыр алғашқы тоқсанда 36 мың адам жүргізуші куәлігін алса, биыл бұл көрсеткіш 15,2 мың адамға тең. Сондай-ақ автодромдардағы жабдықтар жаңартылып жатыр. Енді кішігірім апат болған жағдайда да көлік қажетті элемент дұрыс-бұрыс жасалғанын көрсетеді. Себебі олар GPS технологиясы арқылы жұмыс істейді. Қазір 14 мамандандырылған ХҚО-да автодром жаңғыртылды.
Әлбетте, жүргізуші куәліктерін беруге бағытталған барлық іс-шара ұзын-сонар кезектерге әкеліп соқтырды. Мұны Шымкентте болған жағдайдан көрдік. Егер де бұрын сынақ тапсырушылардың 50%-ы жүргізуші куәлігін сәтті тапсырса, қазір бесінші мүмкіндіктен кейін ғана тапсыра алатыны байқалып отыр. Мамандандырылған ХҚО-на түсетін жүктеме артқандықтан кезектің де көбейетіні белгілі. Сондықтан инфрақұрылымды ұлғайтуымыз қажет. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Түркістан қаласы мен аталған өңірде, Жаңаөзенде және Арқалықта автодромдар ашуға байланысты жедел жұмыс жүргізіліп жатыр. ІІМ-мен бірлесіп, автомектептердің жауапкершілігін күшейту мен сынақ емтихандарын енгізу бойынша мәселелер пысықталып жатыр», деді С.Әбділдин.
Мемлекеттік корпорацияның басшысы барлық әлеуметтік төлем аталған ұйым арқылы өтетінін, сондай-ақ бұл бағытта ауқымды жұмыс қолға алынғанын айтты. «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы әлеуметтік төлемдердің 44 түрі көрсетіліп, барлығы 3,6 млн адамға жәрдемақы беріліп келеді. Сонымен қатар әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтерді толығымен «азаматтарға арналған мемлекет» қағидасына сәйкес проактивті форматқа көшіру жоспарланып отыр.
Қазір әлеуметтік блок желісі бойынша 13 мемлекеттік қызмет проактивті түрде ұсынылып келеді.
«Былтырғы шілдеден бастап баланың тууы мен оның күтіміне байланысты жәрдемақы, сондай-ақ жүктілік пен бала асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін жәрдемақы секілді үш әлеуметтік төлем бойынша экстерриториалды қағидаты енгізілді. Биыл тағы 14 мемлекеттік қызметті экстерриториалды қағидасымен көрсету қанатқақты режімде жүзеге асырылады. Сондай-ақ биыл тағы әлеуметтік саладағы 2 мемлекеттік қызметті электронды форматқа көшіруді жоспарланып отыр. Әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтерді банктердің мобильді қосымшалары арқылы көрсету жақсы дамып жатыр. Кейінгі бір жылда Kaspi.kz және Halyq Homebank қосымшалары арқылы 16 мың қызмет көрсетілді», деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы.
Банктерге төленетін комиссия көлемі Еңбек министрлігімен бірге өзгертіліп, республикалық бюджеттің 4,3 млрд теңгесі үнемделді.
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар