Аймақтар • 11 Мамыр, 2022

Атыста үш адам оққа ұшты

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетінші мамыр күні кешке әлеуметтік желіде Қызылорда қаласының Титов шағын ауданында болды деген атыстың видеосы тарап, жұртшылық дүрлікті де қалды.

Атыста үш адам оққа ұшты

Кейінірек белгілі болғандай, сол күні жергілікті сағат 19:45-те полиция департаментінің кезекші бөліміне шағын аудандағы Манап Көкенов кө­шесінің бойында орналасқан «Мей­рамбек»­ азық-түлік дүкенінің алдында белгісіз адамды атып кеткендігі туралы хабарлама түскен.

Бір таңғаларлығы, жергілікті полиция оқыс оқиға туралы әлі ресми хабар таратқан жоқ. Олар енді брифинг өткізіп, қару қолданылған жағдайдың жай-жапсары, қолданылған шаралар туралы баяндамақшы болып отыр.

Ал әлеуметтік желідегі мәліметке сүйенсек, сол күні оқиға орнын қарау барысында М.Көкенов көшесінің бойында 1996 жылы туған бір аза­маттың аңшы мылтығымен басы­на және №23 үйдің ауласынан 29 жас­­­тағы жігіттің «Макаров» тапаншасымен бетіне оқ тиген  және аты-жөні анықталмаған тағы белгісіз азаматтың кеудесіне тапанша оғы тиген мәйіті табылған.

Сонымен қатар осы көше бо­йындағы №23 үйдің иесі, 1975 жылы туған қала тұрғыны мен 23 жастағы тағы бір азаматтың аяғынан жараланғаны анықталған. Атыста жараланғандар жедел жәрдеммен қалалық ауруханаға жеткізіліп, жедел-тергеу тобы іздестіру жұмыстарын қолға алыпты.

Сөз басында айтып өткеніміздей, оқиғаның анық-қанығы алда болатын брифингте белгілі болмақ.

 

Қызылорда