Елордада терезеден құлағалы тұрған баланы аман алып қалған Сәбит Шонтақбаев «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Төсбелгіні Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев табыстады.
Еске сала кетейік, бүгін елордада сегізінші қабаттан құлағалы тұрған бүлдіршін құтқарылды.