Ауа райы • 11 Мамыр, 2022

Жеті өңірде дауылды ескерту жарияланды

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, қатты жел соғады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Жеті өңірде дауылды ескерту жарияланды

12 мамырда күндіз Қарағанды облысының шығысында найзағай күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Оңтүстікте, шығыста, түнде және таңертең облыстың таулы және тау бөктерінде найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді,

12 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде батыста, солтүстік-батыста, күндіз облыстың солтүстік жартысында, орталық бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 23 м/с жетеді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбеде 12 мамырда оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с жетеді.

12 мамырда Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, күндіз солтүстікте, оңтүстік-батыста 15-20 м/с жел соғады,

12 мамырда Атырау облысының шығысы мен орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, шығыста және облыс орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді,

Атырауда 12 мамырда күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді.