Қоғам • 12 Мамыр, 2022

Жаңа Қазақстан құруға атсалысайық

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстан құру туралы бастамасына үн қосып, «Ақ Аташ азаматтары» қоғамдық ұйымы балық саласында еңбек еткен ардагерлерді ардақтау мақсатында рухани-мәдени іс-шара өткізді.

Жаңа Қазақстан құруға атсалысайық

Оған Түпқараған ауданының тұрғындарымен қатар, облыстың басқа аудандарына қоныс аударған балықшы ардагерлер де шақырылды. Кешке қарай қонақтар жыршы-әншілер өнерін тамашалады. Концертке аудан көркемөнерпаздарымен бірге, облыс­тан келген өнерпаздар да қатысты. Іс-шараны «Ақ Аташ азаматтары» қоғамдық ұйымының төрағасы Аманғали Ақыбаев кіріспе сөз сөйлеп ашып, қонақтарға қош келдің айтты. Содан кейін өмірден озған балықшы ардагерлердің рухына арнап Тұщықұдықтан арнайы келген Орынжан Әбдіжапаров құран бағыштады.

Ұйымдастыру алқасы ардагерлерді салалық «Балықшы» медалімен марапаттады. Мерекелік концерттің алдында қой көтеру, гір көтеру, қазақ күресі, арқан тарту сияқты спорттық ойындар ұйымдастырылған болатын. Мереке соңында қонақтарға арнайы ас берілді. Осы арада айта кететін жағдай, іс-шараны өткізуге жұмсалған қаржыны жоғарыда аталған қоғамдық ұйымның мүшелері жинады.

 

Қалпен ЕСЕТОВ,

Түпқараған ауданының құрметті азаматы

Маңғыстау облысы