15 Сәуір, 2014

Бір шенеунік Мәскеу маңынан Ингушетияның ширек бөлігіндей жер алыпты

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15-04-Магомед Беков

Ресей Федерациясындағы Ингушетия үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Магомед Бековтің Мәскеу маңында республика аумағының ширек бөлігіндей жер телімі бар екені мәлім болды. Бұл туралы РИА «Новости» агенттігі хабарлады. Мұның дерегі М.Бековтің өзіне тиесілі дүние-мүлкі көлемін жариялауы барысында шықты. Дәлірегі, оның Мәскеу облысына қарасты Истринск және Красногорск аудандарында жалпы көлемі 855 960 шаршы метрді құрайтын 179 жер телімі бар екені анықталған. Магомед Бековтің өз сөзіне қарағанда, ол осынау «жазиралы даланы» мемлекеттік қызметке орналасқанға дейін, яғни кәсіппен шұғылданып жүрген кезінде жекешелендіріп алған көрінеді. Осы ақпаратқа байланысты ол: «Бұл жерді сатып алғанмын. Оны жеке-жеке жер телімдеріне бөліп, коттедждер салдым. Сондай-ақ, жолдарын жөндеп, коммуникациялық қажеттіліктерді өтеп, арнайы күзет бекітіп, айналасын қоршадым да, содан кейін әлгі коттедждерді сатуға қойдым. Бұлардың бір бөлігі сатылды, ал қалғандары әлі өз меншігімде. Мен кәсіпкерлікпен айналысып жүргенімде бұл дүниелерімнің бәрі заңды тұрғыда тіркелген», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: Ria.ru. Фото: www.uznayvse.ru.