Қоғам • 12 Мамыр, 2022

Ауылға мектеп қашан салынар екен?

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының Сауран ауданындағы Майдантал орта мек­тебін алыс-жақындағы ағайындар жақсы біледі. Алайда бұл мектептің атағы ұстаздарының біліктілігі немесе оқушыларының түрлі симпозиумдар мен білім олимпиадаларында топ жаруымен шыққан жоқ.

Ауылға мектеп қашан салынар екен?

Осыдан жиырма жыл бұрын жертөледегі будың салдарынан іргетасы сөгіліп, қабырғасы қақырап, күн санап жерге шөгіп бара жатқан соң, жергілікті ұсталар төрт жағынан темірмен құрсаулап, рельске тігінен бекітіп тастаған. Міне, содан бері құлап қалмай тұрғанына ел әлі күнге дейін қайран қалады. Жиырма жылда мыңнан астам түлек төбесіне кірпіш құламай, аман-есен мектеп бітіріп кетті.

Майдантал мектебінің директоры Қуаныш Рысбаев болса, қанша жылдан бері жаңа мектеп салдыртуға тапсырыс берілгенімен, орындалмай келе жатқанын айтады. Биылғы жылы Сауран ауданы бо­йынша он екі мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Аша, Қызыләскер, Қожанов, Абай ауылдарында жаңа мектептер салынады екен. Олардың қатарында Майдантал мектебі жоқ. Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков құрылғанына бір жыл енді толған жаңа аудандағы барлық отыздан астам ауылды бірнеше қайтара аралап шығып, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізіпті. Майданталдағы мектептің жағдайынан толық хабардар екен. Ал бірақ жаңа оқу ошағының қашан бой көтеретіні әлі белгісіз...

 

Ескендір ЕРТАЙ,

журналист

Түркістан облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Қаламгер һәм қайраткер

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Жеңіл табыс жерге қаратады

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Микроқаржы сергелдеңі

Қаржы • 25 Мамыр, 2024

Болмысы биік тұлға

Тағзым • 25 Мамыр, 2024

БАҚ пен тіл

Сұхбат • 25 Мамыр, 2024

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • 25 Мамыр, 2024