Спорт • 12 Мамыр, 2022

Римде өнер көрсетуде

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның астанасы – Римде «Үлкен дулыға» санатындағы Ролан Гаррос жарысына соңғы дайындық ретінде ұйымдастырылатын теннисшілердің ірі турнирі өтуде. Ерлер арасындағы жарыстың жүлде қоры 5 415 410 еуроны құраса, әйелдер 2 527 250 еуроны бөліске салып жатыр.

Римде өнер көрсетуде

Аталған додаға қатысу үшін осы спорт түрінің барлық серкелері Апеннин түбегін бетке алған екен. Солардың арасында Новак Джокович, Александр Зверев, Рафаэль На­даль, Стефанос Циципас, Каспер Рууд, Анд­рей Рублев, Марин Чилич және тағы бас­қа көптеген саңлақтар бар. Өкінішке қарай, Қазақстанның бірінші ракеткасы, АТР тізімін­де 40-орында тұрған Александр Бублик әлем­дік рейтингте өзінен 12 сатыға төмен жай­ғас­қан америкалық Маркос Гироннан айласын асыра алмады – 6:3, 4:6, 3:6. Есесіне әйел­дер арасындағы жарысты жерлестеріміз сәтті бас­тады. Алғашында Юлия Путинцева слове­ниялық Кая Юванды сан соқтырды – 7:5, 4:6, 7:5. Көп кешікпей Елена Рыбакина ресейлік Элина Аванесяннан басым түсті – 6:4, 7:6.

Екінші кезеңде Путинцева испаниялық Гарбинье Мугурусамен күш сынасса, Рыбакина АҚШ өкілі Лорен Дэвиспен шеберлік байқасады.