Қазақстан • 12 Мамыр, 2022

Қазақстан мен Өзбекстан теміржол қатынасын қайта жандандырады

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 мамырдан бастап №647/648 жолаушылар пойызы Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс бағыты бойынша қатынай бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Өзбекстан теміржол қатынасын қайта жандандырады

15 мамырдан бастап №647/648 жолаушылар пойызы Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс бағыты бойынша қатынай бастайды. Ал осы жылдың 16 мамырынан бастап № 1/2 пойызы Алматы – Ташкент – Алматы бағыты бойынша рейске шығады. Рейстердің «Ташкент – Орталық» теміржол вокзалынан Қазақстанға қатынау жиілігі аптасына үш рет.

Еске салсақ, Өзбекстан 2020 жылғы наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты сыртқы жолаушылар теміржол қатынасын тоқтатқан еді.