Фото: shutterstock.com
Бұл туралы Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Total.kz сайты хабарлады. Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті аталмыш іске қатысты нақты дәлелдер келтіріп отыр. Нақтылай айтқанда, әлгі екі қызды қарағандылық 19 жастағы қыз бен 47 жастағы ер азамат пұлдамақ болған. Ал саудаға түскен екеу Теміртау қаласында жүрген. Оларды 19 жастағы күдікті қыз Қарағандыға ертіп әкеледі де, сатып алушы табылғанша, яғни, үш тәуліктей жоғарыда айтылып өткен 47 жастағы азаматтың үйінде ұстайды. Полиция қызметкерлері осы жағдаяттардан хабардар болысымен жедел қимылдап, іске қатысушыларды дер кезінде құрықтайды. Кейіннен полиция қызметкерлері анықтағандай, «саудагерлер» бір қызды 130 000 теңгеге бағалаған. Мыс-мыс ақшаны қалтасына басып тайраңдағысы келгендер бұлтартпас дәлелдермен қолға түскен. Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлағанындай, күдіктілердің екеуі бұған дейін де құқық қорғау орындарында тіркеуде тұрған. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: Total.kz. Фото: via-midgard.info