Референдум-2022 • 13 Мамыр, 2022

Оқыту семинарын өткізді

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы 12 мамырда Орталық референдум комиссиясы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесе отырып, республикалық референдумға дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне арналған оқыту семинарын өткізді.

Оқыту семинарын өткізді

2022 жылғы 12 мамырда Орталық референдум комиссиясы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, онлайн режімінде қоғамдық бірлестіктер өкілдеріне арналған оқыту семинарын өткізді. Жиынға 300 адам қатысты.

Іс-шара барысында 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум туралы, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы, респуб­ли­калық референдумды дайындау мен өткізу, қаржыландыру, үгіт, элек­тораттық оқытуды ұйым­дас­тыру, дауыс беруді байқау про­цесінің ерекшеліктері, сон­дай-ақ референдум туралы заң­наманы бұзғаны үшін жауап­кер­шілік мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.

Семинардың спикерлері ре­тінде Орталық референдум комис­­­­сиясы тарапынан ҚР ОРК Төр­ағасының орынбасары Конс­­тантин Петров, ОРК мүше­лері Сабила Мұстафина, Анастасия Щегор­цова және Асыл­бек Сма­ғұлов сөз сөйледі.

Сондай-ақ семинарда Әділет вице-министрі Алма Мұқанова, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Кәдіров, Бас прокурордың аға көмекшісі Азамат Сарғазин, АҚДМ Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Қаныбек Жұмашев сөз сөй­леді.

Семинар аясында өңірлермен бейнеконференция байланысы және «Азаматтық бастамалар орталығы» YouTube арнасында келесі сілтеме бойынша онлайн көрсетілім ұйымдастырылды.

Семинар соңында Орталық референдум комиссиясының және уәкілетті мемлекеттік ор­ган­дардың өкілдері семинарға қаты­сушылардың сұрақтарына толыққанды жауап берді.

Орталық референдум комис­сиясының электораттық оқыту аясындағы бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларына арналған келесі семинары 2022 жылғы 13 мамырда өтетін болады.