Пікір • 13 Мамыр, 2022

Маңызды саяси шешім

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президентіміз Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында ел Конституциясына өзгеріс енгіземіз, бірақ оны жалпыхалықтық референдум арқылы халықтың таңдауына қарай жасайық деген ұсынысын жұртшылық қуана қолдап жатыр.

Маңызды саяси шешім

Шынында да екінші конституция 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған еді. Содан бері 27 жыл уақыт өтіпті. Оған қаншама өзгертулер енгізілді. Еліміздің бұл бас заңы биліктің үш тармағының тепе-теңдігін тек қағаз жүзінде ұстап, ал іс жүзінде авторитарлық суперпрезидентік билік орнатты. Демократияның негізгі принциптері бұзылды. Қазір жағдай мүлдем бөлек. Президенттің басты ұстанымы – халықтың үніне құлақ асатын бір-біріне тәуелсіз Атқарушы, Заң шығарушы және Сот билігін орнату. Бүкіл өркениетті елдердің ұстанымы осындай.

Демократияның бұдан бас­қа жолы жоқ. Сондықтан да Пре­зи­дент­тің жалпыхалықтық референ­дум арқылы Ата Заңға өзгеріс­тер енгізу ұсынысы келешек тари­хи сая­си шешім болып қалатыны сөзсіз.

 

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,

Сенат депутаты