Қазақстан халқы үшін маңызы зор саяси науқанның түпкі мәні неде? Референдум нәтижесінде Конституцияға қандай елеулі өзгерістер енеді? Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Әділет вице-министрі Алма Мұқанова осы сауалдарға жауап берді.

Коллажды жасаған Зәуреш Смағұл, «ЕQ»
«5 маусым күні өтетін бүкілхалықтық референдумға шығарылып жатқан конституциялық өзгерістердің ішінде Президенттің өкілеттігіне қатысты шектеулер жұртшылық тарапынан үлкен қызығушылық тудырып отырғаны баршамызға белгілі. Халық осы мәселені кеңінен білгісі келетіні айтпаса да түсінікті ғой. Бұған дейін айтылғандай, алдағы уақытта Президенттің жақын туыстары үшін саяси лауазымдар мен квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарды атқаруға шектеу қойылады. Сонымен қатар Президенттің өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партия мүшесі болуына тыйым салынатыны бұған дейін де хабарланған болатын. Осы өзгерістердің маңызы зор екені рас», деді Алма Мұқанова.
Вице-министр келтірген деректерге зер салсақ, Ата Заңымызға енетін өзгерістер легі 12 блоктан тұрады. Мемлекетімізді демократияландыру үрдісінде аталмыш бағыттың әрқайсысының өзіндік маңызы зор болмақ. Қазақстан халқы осы мәселеге де айрықша назар аударғаны ләзім.
«Алдағы уақытта Президенттен әкімдерді сайлау және босату құқығы алынып тасталады. Бұл Президент өкілеттігінің қысқаратындығының айқын көрінісі екені даусыз. Қысқасы, осы өзгерістер суперпрезиденттік басқару үлгісінен бас тартудың жарқын үлгісі болмақ», деді А.Мұқанова.
Бүкілхалықтық сипатқа ие болатын референдумның нәтижесінде 17 өңірдің 11-і жақтап дауыс берсе, Конституцияға жоспарланған өзгерістер енгізіледі. Бүгінгі таңда электораттың тізімі жасақталып жатыр. Вице-министрдің сөзіне сенсек, референдум арқылы Конституцияға барлығы 56 өзгеріс енгізіледі.
«5 маусым күні өтетін референдум нәтижесі ойдағыдай болса, Конституцияға барлығы 56 өзгеріс енгізіледі. Өзгерістердің барлығын жеке-жеке саралау үшін әр адамға 56 бюллетень керек болады. Оны толыққанды оқып шығудың қиын екені де рас. Сол себепті де бюллетеньде бір ғана сауал болады. Өйткені Конституцияға енгізілетін өзгерістер бір-бірімен тығыз байланысты екенін көріп отырсыздар. Сондықтан осындай нұсқа таңдалынып отыр», деді министрлік өкілі.
Баспасөз мәслихаты барысында Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Қазақстан халқын бүкілхалықтық референдумға белсенділікпен қатысуға, мемлекеттің келешегі айқындалатын шешімді бірлесіп қабылдауға шақырды. Сондай-ақ ол өз сөзінде демократиялық үрдістердің жаңа сипаты көрініс табатын саяси науқанның маңызын әрбір азамат түсінуі керегін атап өтті.
Бүгін Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан мен Германия ойнайды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Алматы облысында екі жасар сәби суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін бөлудің жаңа тетігін әзірлеуде
Қоғам • Бүгін, 15:27
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Бүгін, 14:47
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 14:30
Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 13:45
Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Бокс • Бүгін, 12:45
Елімізде бір тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 11:45
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Қарағанды облысында 100-ден астам отбасы баспанамен қамтылмақ
Аймақтар • Бүгін, 10:43
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 41 мың адам жұмыспен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар