Бокс • 13 Мамыр, 2022

Әлем чемпионаты: Дариға Шәкімова жарыс жолынан шығып қалды

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Дариға Шәкімова әлем чемпионатын сәтсіз аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Әлем чемпионаты: Дариға Шәкімова жарыс жолынан шығып қалды

66 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан отандасымыз әлем чемпионатының бірінші айналымында жеңілді. Өзбекстандық Навбахор Хамидованмен жұдырықтасқан ол төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді.

Айта кетсек, бұл күндері Ыстанбұлда бокстан әйелдер арасында Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Дариға Шәкімова әлем біріншілігін сәтсіз аяқтаған бесінші қазақстандық спортшы.

Әлем чемпионаты 20 мамырға дейін жалғасады.