Оқиға 12 мамырда Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылынан алты шақырым жерде Батыс Еуропа-Батыс Қытай тасжолында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолда келе жатқан трактор тіркемесімен соқтығысқан. Жүргізушінің көмекшісі мен жолаушы қайтыс болды. 48 адам дәрігер көмегіне жүгініп, 16 адам ауруханаға жатқызылған және төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
Облыста автобуста болғандардың туыстары мен жақындарына көмек көрсету үшін сенім телефоны ашылды. Жедел желі телефондары: 8 (7262) 51-35-75, 51-41-67.
Автобус Өзбекстаннан Алматыға бағыт алған. Автобуста 53 адам болған. Бәрі Өзбекстан азаматы. Оқиға кезінде автобуста сегіз газ баллоны болған. Абырой болғанда ешқайсысы жарылмаған.
Аяна Тоғанбек