Әлем • 13 Мамыр, 2022

Кубада қонақүй жарылысынан қайтыс болғандар саны 44-ке жетті

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гавана қаласындағы Saratoga қонақүйінде болған жарылыстан қаза тапқандар саны 44-ке жетті, тағы 16 адам ауруханада жатыр, оның алтауы ауыр халде, деп хабарлайды Egemen.kz Kaz.tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Кубада қонақүй жарылысынан қайтыс болғандар саны 44-ке жетті

«12 мамырдағы жағдай бойынша, 98 адам зардап шеккен, оның 16-сы ауруханаға жатқызылған, 38 адам ауруханадан шығарылды және 44 адам қайтыс болды», делінген министрліктің Telegram-каналында. 

Ауыр халде жатқан алты адамның екеуі бала. Жалпы кәмелетке толмаған төрт бала ауруханаға жатқызылған. 

Еске сала кетейік, өткен аптада гаваналық Saratoga қонақүйінде таңғы уақытта жарылыс болды. Жарылыстың салдарынан қонақүй жанындағы 17 ғимарат зақымдалған, оның ішінде мектеп те бар. Жарылыс болжаммен газ толы цистернаның тұтануынан болған. Билік бұл жағдайды жазатайым оқиға деп атады.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03