Қазақстан • 13 Мамыр, 2022

«Алакөл» кеден бекетінде тауарларды заңсыз әкелудің жолы кесілді

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Алакөл» кеден бекетінде 22 483 кг көлемінде «қолғап» түріндегі тауарларды заңсыз әкелудің жолы кесілді. Кедендік тексеріп қарауды жүргізу үшін тауардың кедендік құнының төмендеуі негіз болды, деп жазады Egemen.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алакөл» кеден бекетінде тауарларды заңсыз әкелудің жолы кесілді

«Алакөл» кеден бекетінің мамандарымен кедендік тексеріп қарауды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталды.

Заңсыз әкелінген тауарлардың кедендік құны шамамен 43 млн теңгені құрайды. 2022 жылдың сәуір айында материалдар қылмыстық іс қозғау үшін Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу Департаментіне жолданды.

Осы жылдың басынан бастап қазіргі уақытқа дейін Департамент 21 факт бойынша (13 жүк алушы бойынша, оның ішінде 9 – резидент, 4 - резидент емес) қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына материалдарды жіберді, онда кедендік құны шекті деңгейден асқаны анықталған (10 000 АЕК-тен астам).

Осылайша, мәлімделмеген тауарлардың жалпы кедендік құны 1 млрд 836 млн теңгені құрайды.