16 Сәуір, 2014

Шағын кәсіпкерліктің үлкен мәселелері

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің «Қа­зақ­стан Респуб­ликасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар тура­лы» 2014 жылғы 27 ақпандағы Жарлығын қол­дайды. Бұл жөнінде Мәжілістегі «Ха­лық коммунистері» фракциясы «Шағын кәсіпкерліктің үлкен мә­­селелері» деген тақырыпта өт­кіз­ген дөңгелек үстелде мәлімдеді. Отырыста күн тәртібіндегі мә­селе бойынша фракция жетекшісі Владислав Косарев пен Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті да­мыту комитетінің төрайымы Ға­лия Жолдыбаева баяндама жасады. Бүгінгі таңда орта және шағын кәсіпкерлік – еліміздегі көптеген отбасын асырап отырған табыс көзі. Олар мемлекетке салық төлеу­шілер. Сондықтан да оларды мемлекеттік қолдау қажет. Дөңге­лек үстелде Қазақстан фермерлері ода­ғының төрағасы Әуезхан Дары­нов, Жамбыл облыстық ҚКХП бірінші хатшысы Жанна Ма­ма­ше­ва, Мәжіліс депутаты Айқын Қо­ңы­ров, тағы басқалар сөз сөй­леді. «Егемен-ақпарат».