Референдум-2022 • 16 Мамыр, 2022

Өзгерістер үлкен маңызға ие

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сандықтау ауданының тұрғындары 5 маусымда өтетін референдумға байланысты Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьевамен кездесті.

Өзгерістер үлкен маңызға ие

Халық қалаулысы аудан активімен жүздесіп, «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы туралы әңгімелеп берді. Сөз арасында түзетулердің бір бөлігі билік өкілеттіктерін қайта бөлуге және ел Парламентінің рөлін күшейтуге бағытталатындығын егжей-тегжейлі баяндады. Мәселен, ел Президентінің ешбір саяси партияның мүшесі болмайтындығы, ал, оның туыстарының саяси мемлекеттік қызметшілер немесе квазимемлекеттік сектор субъектілеріне басшылық жасауға құқығы жоқ екендігі де айтылды. Тағы бір түзетуде Қазақстанның жері мен жер қойнауындағы қазба байлықтың меншік құқығы халыққа тиесілі болмақ. Ал мемлекет меншік құқығын халық атынан жүзеге асыратын болады.

Кездесу барысында Наталья Дементьева Консти­туцияға енгізілетін өзгерістер өңірлер­дегі әкім­дердің, барлық деңгейдегі халық қалау­лылары­ның жауапкершілігін күшейтуге, аза­маттар­дың құқықтарын қорғау саласын ны­ғайтуға ықпал ететіндігіне тоқталды. Депу­тат атап өт­кеніндей, барлық түзетулер саяси жүйе­ні демо­кратияландыруға бағытталмақ. Түзетулер терең мағынаға және үлкен мазмұнға ие. Сондықтан әрбір азамат дауыс беруге қатысып, елдің одан әрі дамуы үшін өз таңдауын жасағандары абзал.

Наталья Дементьева «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Ермек Нұғымановпен бірге аудандық аурухана ұжымымен де осы мазмұндағыдай кездесу өткізіп, медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

 

Ақмола облысы